3.02.2021, 11:35
Оқылды: 110

Жаңақала ауданының жалпы бюджеті 5,1 млрд. теңгені құраған

Бүгін Жаңақала ауданы әкімі Наурызбай Қарағойшиннің халыққа есеп беру жиыны онлайн форматта өтуде.

145399782_1304277063286901_2261866042376154632_o

- 2020 жыл басында ауданының жалпы бюджеті 5,1 млрд. теңгені құрап, жыл соңында 7,7 млрд. теңгеге нақтыланып, 99,7 пайызға орындалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, шағын несиелеуге екі есе қаржы бөлінді. Бұл еліміздің «Бес әлеуметтік бастамасының» бір бағыты. Осыған сәйкес өткен жылы аудан экономикасы бойынша инвестиция көлемі 3,9 млрд теңгені құрап, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен (2019 жылы – 2,5 млрд тг.) 151,6%-ды құрады. Оның ішінде жеке инвестициялар 1,5 млрд теңге. Жеке кәсібін ашамын деген азаматтарға мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар көрсетіліп келеді. Жеңілдетілген несиелер, гранттар мен субсидиялар осы шағын бизнесті қолдаудың нақты дәлелі. Мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде аудан бойынша кәсіпкерлердің саны артып келе жатқандығы – халықтың мемлекеттік қолдауды сезінуінің айқын айғағы деп білемін.

Қазіргі таңда аудан бойынша 1283 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Соның ішінде 515 мал шаруашылығымен, 768 сауда-саттықпен, қызмет көрсетумен айналысуда және аудан халқының белгілі бөлігіне жұмыс тауып беріп отыр. Өткен жылдың 12 айында бөлшекті тауар айналымы 4,1 млрд теңгені құрады.

Аудан бойынша кәсіпкерлік субьектілерімен «Еңбек» бағдарламасы арқылы 454,4 млн.теңге несие алынды. «Бастау бизнес» бойынша 139 адам оқытылып, несиелерін алды.

Аудан бойынша мемлекеттің қолдауымен және жеке инвестициялар есебінен 238,5 млн. теңгеге жаңа 10 кәсіпкерлік нысан пайдалануға беріліп, халыққа қызмет көрсетуде, - деді Жаңақала ауданының әкімі Н.Қадырбайұлы.

 

Алтынбек Ермекқалиев,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале