Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Жастар Fest” концерті өтті.

Кешті тізгіндеген Еламан Тілегенов логикалық сұрақтар қойып, аудандық сауықтыру-оңалту орталығына ем алуға келген барша емалушыларға сыйлықтар үлестірді. Сондай-ақ, алаңқайда билеген балақайлар да көп болды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жиналған халық өз қошеметін білдіріп, ән шырқаған барша өнерпазға қолдау көрсетті.

Сонымен қатар, түрлі тәттілер мен ойыншықтар да сатылды. Отбасылық серуенге шыққан жанұялар да өз алғыстарын білдіріп, осындай іс-шараны үзбей өткізуді сұрады.
Ақерке Мәлікқызы,
Жаңақала ауданы