21.05.2018, 11:36
Оқылды: 33

Жаңақала колледжінде директорлар кеңесі өтті

 

IMG_2094Жаңақала колледж базасында БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Н.Сабировтың қатысуымен «Колледждің әлеуметтік серіктес ретінде өндірістік кәсіпорындармен байланысы, дуалды жүйе (қиындықтар және келешек жоспарлар)» тақырыбында директорлар кеңесі өтті.

Сонымен қатар алқалы жиынға  «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ БҚО бойынша филиал директоры Қ.Ақдәулетов, БҚО білім басқармасының кәсіптік білім және кадрлар даярлау бөлімінің бас маманы С.Жұмагереев, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Р.Қуанышалиева және облыстық колледж басшылары қатысты. Колледждің әлеуметтік серіктестерімен қызметтес кәсіпорындар арқылы байланыс жасай отырып, аймақтық еңбек нарығының қажеттілігін өтеуде нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізуді мақсат еткен кеңес  «Хафиз» ШҚ және «Тлеугалиев С» ЖК базаларын аралаумен басталды.

Облыс орталығынан келген қонақтар Жаңақала колледжінің «Хафиз» ШҚ және «Тлеугалиев С» ЖК-лігімен төрт жақты ынтымақтастық жөніндегі меморандум мен келісім шарттарға қол қою рәсімінің куәсі болды. Сондай-ақ, қол қою рәсіміне БҚО кәсіпкерлер палатасының Жаңақала аудандық филиалының директоры Г.Асханбаев, Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Ж.Нұрғожин қатысты. Қонақтар қол қою рәсімінен соң  колледж базасымен танысып,   директорлар кеңесін өткізу үшін дөңгелек үстелге жиналды.

Кеңесте Жаңақала колледжі директоры С.Жардемалиев өндірістік білім беруде кездесетін қиындықтар мен алда тұрған міндеттер туралы баяндады. Колледж студенттерінің бүгіні мен болашағын талқыға салған кеңестің соңы колледж қызметкерлері мен студенттері ұйымдастырған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Н.ҒАББАС

ЖАҢАҚАЛА ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале