Кеше Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының құрылғанына 10 жыл толуына орай облыстық жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері арасында футзалдан ашық турнир өтті.
Мақсаты – ауданаралық ынтымақтастықты нығайту, бұқаралық спортты дамыту.
5 команда қатысқан допты додада Жаңақала ауданының жастар ресурстық орталығының мамандары топ жарып, 1-орынға ие болды. Команда мүшесі Мейрамбек Масалимов "Үздік қорғаушы" аталымына лайық деп танылып,50 мың теңгелік қаржылай сертификат ұтып алды.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы