25.05.2021, 18:53
Оқылды: 71

Жаңақалада 40 жылдық түлектер тарту жасады

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Осынау айтулы мереке қарсаңында Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің 1981 жылғы түлектері туған ауылына өз қолтаңбаларын қалдырып, өнегелі іс тындырды. Атап айтсақ, 40 жылдық түлектер бірлесіп, 1 400 000 теңгеге өз қаражаттарымен демеушілік көрсетіп, ауылымыздың кіреберісіне ескерткіш тақта орнатып берді.

624E5554-DF81-4B43-A006-739691CEC8EA

Қуанышқа толы жиынның салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин жүрекжарды лебізін білдірді.

- Күні бүгін ауданда 276 жас шәкірт соңғы қоңыраудың үнін естіді. 40 жыл бұрын өздеріңіз де осындай бір мектептен түлеп ұштыңыздар. Мағыналы, мәнді тарихи жағдайы бар ескерткішті елімізге, кейінгі жас ұрпаққа үлгі болсын деп естелікке қалдырып жатқандарыңызға көп рақмет. Дұға-тілектеріңіз қабыл болып, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Бәріңіздің жанұяңызға бақ-береке тілеймін, - деді ол.

C9B9D505-CBCD-4780-B914-A36AF2A79F18

- Бүгінгі соңғы қоңырауда алтын ұя мектебімен қоштасып жатқан жас түлектерге сәт сапар тілейміз. Біздер де бүгін жиналып, туған елімізді көркейту мақсатында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы тұғырлы болсын деп осы тақтаны ескерткіш ретінде қалдырып отырмыз. Барша атсалысқан сыныптастарыма алғысым шексіз. Бұл күн кездесуіміздің соңы болмай, алда да жиналып, сол күнге аман жете берейік. Деніміз сау болып, өсіріп жатқан ұрпақтарымыздың қызығын көруді нәсіп етсін, - деп Гүлнар Атауова түлектер атынан ізгі тілегін жеткізді. Одан әрі аудан басшысы Наурызбай Қадырбайұлы мен 40 жылдық түлектің бірі Айгүл Искакова орнатылған ескерткіш тақтаның салтанатты лента қию рәсімін жасады.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале