Жаңақала ауданында 2021 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздық деңгейі 5,9% құрады. Өткен жылы жұмыспен қамтудың жол картасы қабылданып, нәтижесінде 1017 жаңа жұмыс орындары ашылып, 540 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлікті қолдауға 162 адамға 90,0 млн. теңге қайтарымсыз грант берілген. (62 грант жастарға және 76 грант көп балалы, аз қамтылған отбасыларға, 5 мүгедекке және 19 жұмыссызға) 2020 жылы 385 отбасыға 150,0 млн. теңге жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленген.
Алтынбек Ермекқалиев,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz