Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов пен БҚО аумақтық референдум комиссиясының мүшесі Фархат Лаврұлы, БҚО аумақтық референдум комиссиясының мүшесі Райымбек Өтепбергенұлының қатысуымен басқосу ретінде түсіндірме жұмыстары өтті.
Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Руслан Қонысбайұлы мен бөлім басшылары қатынасты. Сондай-ақ, учаскелік референдум комиссияларының төрағалары да төбе көрсетті. Отырыс үстінде дауыс беру және өту барысына байланысты сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасты. Әрі қарай, іс сапармен келген Фархат Хайретдинов пен Әділ Тауфикұлы Бөкей ордасы ауданына қарай жол жүрді.
Ақерке Ғилымхан,
Жаңақала ауданы