14.06.2025, 18:35
Оқылды: 179

Жаңақалада ақ халатты абзал жандар құрметтелді

Кеше Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында «AMANAT» партиясы Жаңақала аудандық филиалының ұйымдастыруымен маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлері күніне орай «Медбикелер» форумы өтті.

image-13-06-25-07-08

Жанға шипа, дертке дауа тауып, адам өмірін арашалап жүрген ақ халатты абзал жандарды марапаттау рәсімі де шет қалмады. Кәсіби мерекемен құттықтау үшін сөз аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қажиевке беріліп, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың, БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің, БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Гульнара Абдрахманованың және аудан басшысы Алпамыс Көшкінбаевтің алғысхаттарын табыс етті.

photo-output

Сондай-ақ, аталмыш мерекеге орай өткізілген облыстық спартакиада 3-орын иеленген аурухана майталмандарына да дипломдар мен сыйлықтар тарту етілді. Әрі қарай, осы салада маңдай терін төгіп ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, аудандық аурухана басшысы Дәурен Көкенов пен “Ауданаралық сауықтыру ауруханасы” оңалту орталығының” директоры Жәнібек Успанов әріптестеріне ыстық лебіздерін жолдап, «Senim» денсаулық сақтау жүйесінің жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының БҚО филиалы төрағасы Махамбет Құсайыновтың алғысхатын табыстады. Өз кезегінде «AMANAT» партиясы Жаңақала аудандық филиалының төрағасы Қуаныш Шарафутдин денсаулықты қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандарға құттықтау хат тарту етті.

image-13-06-25-07-08-1

Кейін мәдениет үйінің дәлізінде форум жалғасын тапты. Қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан медицина қызметкерлерін 1 минут үнсіздікпен еске алғаннан кейін, форум модераторы – Қуаныш Серікұлы өткізгелі отырған жиынның мақсаты мен маңызын айтып, «Медбикенің қазіргі қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігі» атты баяндамасын оқыды. Аудандық мәслихат төрағасы Қамбар Каменовке сөз беріліп, ақжарма лебізін жолдады. Сала ардагері Гүлбаршын Қаберқызы жұмыс жылдарындағы тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарға ақыл-кеңесін берді. Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің кәсіптік бағдар беру тобының төрайымы Айнұр Нұрболатқызы қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, медбике мамандығы бойынша оқу жүйесін айта кетті. Жиын барысында соғыс жылдарындағы, ауған соғысы мен COVID-19 пандемиясы кезіндегі сала мамандарының жанкешті еңбектері де аталып өтті. Содан кейін, аудандық аурухананың ұйымдастыру ісі жөніндегі орынбасары Қуаныш Серікұлының жетекшілігімен науқас күтімі бойынша шеберлік сағаттары өткізіліп, қан қысымын өлшеу, алғашқы көмек көрсету, инбекция жасау, таңу техникалары көрсетіліп, этика ережелері түсінірілді.  Форум соңында «AMANAT» партиясының БҚО филиалының Саяси жұмыс бөлімінің кеңесшісі Жақсылық Нұрманұлы қорытынды сөз сөйлеп, қатысушыларға алғысын білдірді.

Ақерке Мәлікқызы

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале