Сейсенбі күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев және «Қазсушар» РМК БҚО филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Құсайновтың қатысуымен жиын өтті. Жиынға аудан әкімі орынбасары, шаруа қожалықтары қатысты.
– «Жалпы 1994 жылы келген су мөлшері 853 см болса, биылғы одан да көп 865 см көлемде келді. Жайықтың суының өзі 150 текше метрге дейін көтерілді. Судың қарқыны әлі де келуде. Ауданымыз бойынша Пятимар су қоймасы 84 пайызға, Сарышығанақ 83 пайызға толтырылып, басқа көлдерге де су жақсы жіберілуде. 2019-2020 жылдары кеуіп қалған Соркөлге 2022 жылдан бері су жіберіліп жатқанымен толу қарқыны төмендеу. Су тез бару үшін техникаларды жасақтап, Саңкібай көлінің бас жағы, Жаңажол, Аққұс, қазіргі уақытта Еділсор, Көшім мен Қырқопа арналарының бойы тазартылады. Жоспар бойынша жұмыстар жалғасын таба бермек», - деп Рауан Ерланұлы қысқаша мәлімдеді.
Әрі қарай шаруа қожалықтары көкейіндегі сауалдарын қойып, өздеріне қажетті жауап алды.
Аруғаным Қазиева
Жаңақала ауданы