Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс үйінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, орталықтандырылған кітапхана жүйесі және колледж ұжымы бірлесе «Ұмытылмас ұлы күн» атты фестиваль өткізді.
Шара барысында ерліктің ерен еңбегін танытып, бүгінгі бейбіт күнді сыйлаған майдангерлерді бір минут еске алып, көптің көңілінен шыққан «Жеңістің жалауы» көрінісі халыққа ұсынылды.
Қойылым барысында сұрапыл соғыстағы ұрыс даласы көркем суреттеліп, Рейхстагқа жеңіс туын тіккен лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатовтың сол жылдардағы көрсеткен ерлігі бейнеленді.
Әрі қарай, ардагер журналист Закария Сисенғалидың «Жеңіс туралы ой», Мұнайдар Балмолданың «Мәңгілік алау» өлеңдерін мәнерлеп оқып, жеңіс құндылығын мәңгілік есте сақтайтын әндер шырқалды.
Аталмыш фестиваль әр апта жалғасын табады.
Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы