3.11.2023, 23:10
Оқылды: 40

Жаңақалада әсерлі кездесу өтті

Бүгін Жаңақала аудандық білім бөліміне қарасты мектептен тыс жұмыс орталығының қолдауымен "Жақсымен өткен жарты сағат" атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Кеш қонағы – "Jas TALAP" өнер-білім орталығының негізін қалаушы, директоры Ернар Жақсыбаев.

IMG-20231103-WA0171

Қызғалдақ би ансамблі бимен қарсылап алса, мектептен тыс жұмыс орталығының талантты оқушылары кеш қонағының өмірін, өлеңдерін оқып, ой-толғамдары жайлы түйгендерін ортаға салды. "Еркін микрофон" айдары арқылы көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап алып, өмір жолындағы өнегелі сәттерді еске алып, шабыттана өлең оқыды.

Кітапханашылар кітап көрмесін жасақтап, ақынның өмірі мен шығармашылығынан мағлұматтар айтты.

IMG-20231103-WA0170

Шара барысында Талапқали Боранбайұлы кеш қонағының портретін ​салды.

Ақерке Мәлікқызы, 

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале