"Аудан әкімінің ашық есік күні" — бұл аудан тұрғындары мен билік өкілдері арасындағы диалогты нығайту мақсатында ұйымдастырылатын шара.
Мұндай күндер тұрғындардың аудан әкімдігіне тікелей барып, өздерінің ұсыныстарын, сұрақтарын немесе мәселелерін ашық және еркін түрде көтеруге мүмкіндік береді. Бұл әкімдіктің халықпен тығыз байланысын қамтамасыз етіп, жергілікті деңгейде қоғамдық пікірді ескере отырып, тиімді басқару жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.
Бүгін мәдениет үйінде аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың және "Отбасы банк" АҚ БҚОФ директорының орынбасары Алтынбек Шайдуллинның сонымен қатар бөлім, мекеме басшылары, "Отбасы банк" кеңесшілерінің қатысуымен «Ашық есік» күні өткізілді. Тұрғын үй мәселесі бойынша 3 тұрғын, жер мәселесі бойынша 3 тұрғын, жұмыссыздық мәселесі бойынша 3 тұрғын, ауыл ішілік жол мәселесі бойынша 2 тұрғын "Отбасы банк" кеңесшілеріне 10 тұрғын өздерінің толғандырып жүрген мәселелері бойынша сұрақтарына жауап алды.
Аудан әкімінің ашық есік күні — бұл тұрғындардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жеңілдетіп, ашықтық пен есептілікті арттыру үшін маңызды іс-шара болып табылады.
- Мен бүгін "Отбасы банк" кеңесшілеріне жолығып өзімнің көкейімде жүрген сұрақтарымның жауабын алып, алдағы уақытта аталған банкке салымды қалай салу керектігі жөнінде кеңес алдым. Ашық есік күнінде аудан тұрғындарына керемет мүмкіндік сыйлайтыны анық, - дейді аудан тұрғыны Люция Хайруллина.
Сыйлыхан Талапұлы,
Жаңақала ауданы