20.12.2020, 14:57
Оқылды: 100

Жаңақалада аудандық газетке қолдау зор

Аудандық «Жаңарған өңір» газетіне 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына жазылу науқаны қызу жүруде. Аудан тұрғындары жаппай төл газетімізге жазылып, қолдау көрсетуде. Кәсіпкерлер де газет оқырмандары үшін демеушілік танытып, өз қаржысына жерлестерін аудан айнасына жаздырып, игілікті іс қылуда.

газент

Солардың бірі – жомарт жүректі кәсіпкер, мәрт мінезді азамат Рашид Салахиев. Ол ауданда өтетін шараларға сөзге келместен әрдайым көмек қолын созатын азаматтардың қатарында екендігін айта кеткен жөн. Міне, қазір де жазылым барысында өзінің газетке деген жанашырлығын танытып, қайырымдылығын көрсете білген Рашид ағамыз аз қамтылған 20 отбасыны  өз атынан газетке тегін жаздырып берді.

Ал жомарт азаматтың бірі жеке кәсіпкер Жұмагерей Базекешев те аз қамтылған 10 отбасын аудандық газетке жаздырып, игілікті іс жасады.

Сонымен қатар жеке кәсіпкер Едіге Текебаев та баспасөзге жазылу науқанына орай аудандық басылымға қолдау көрсетіп, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 10 отбасыны газетке тегін жаздырып берді. Бұдан бұрын да ауыл тұрғындарының әлеуметтік тұрмысын жақсартуға бір кісідей атсалысып жүрген бұл азамат жергілікті халыққа жомарттығымен танымал.

"Кеңсе тауарлары" дүкенінің иесі, жаңақалалық жеке кәсіпкер София Семғалиева 5 отбасын алты айға өз атынан газетке тегін жаздырып берді.

Тілекжан Қыдырсихов есімді жас кәсіпкер де газетімізді 10 отбасына 6 айға жаздыртып берді. Сөзге келместен қолдап, жақсы іске мұрындық бола білген Тілекжаннан өзге азаматтар да үлгі алса дейміз. Тілекжан Қыдырсихов әркез қайырымдылық шараларға үнемі қолдау білдіретін аудан тұрғыны, шағын кәсібін дөңгелетіп отырған жан.

Бұндай жандардың арамызда әлі де болса мол екендігіне шүбә келтірмейміз.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале