12.04.2024, 19:52
Оқылды: 52

Жаңақалада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Бүгін Жаңақала ауданы орталығында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Оған көршілес Көпжасар ауылының және Орал қаласының кәсіпкерлері өз өнімдерін әкеліп, тұрғындарға аулы шаруашылық тауарларын тиімді бағада ұсынды.

38565791-fe2e-4b18-8c92-0d7ebdc7ffe4

Мәселен, картоптың 1 келісі 110 теңге, балықтың (карась пен сазан) 1 келісі 800 теңге, сондай-ақ үй құсын өсіріп, өнімін көремін деушілерге Орал қаласынан арнайы құны 2000 теңге тұратын тауық әкеліп сатты. Кәсіп иесі Манас Мақсотов үй құсын көп алған жағдайда бағасын түсіруге де келісті. Күн жылынып, көктем шуағы жер бетіне тараған сәттен бастап ауылымызда тал егу науқаны басталды. Осы орайда оралдық кәсіпкер Ақмаржан Құлжанова да бұл жәрмеңкеден қалыс қалмай, отбасымен өз ауласына егіп, өсірген жеміс ағаштарын, декоративті ағаштар мен гүлдердің бірнеше түрін ұсынды. Жеміс ағаштарының көшеті 2000 теңгеден басталса, көпжылдық туя терегінің бағасы 10000 теңге.

8c740582-b198-43a8-b73b-14dec8d7f1d3
- Жәрмеңке өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Ұйымдастырушыларға өз алғысымды білдіремін. Себебі тұрғындарға қажетті өнімнің барлығы бар. Таңдап жүріп, талғамыңа сәйкесін аласың. Бағалары да көңілге қонымды. Бүгінгі жәрмеңкеде алма мен жүзім ағашының жоғарғы сортын сатып алдым. Халыққа пайдасы тиер осындай шаралар жиі өтіп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді, - дейді ауыл тұрғыны Дариға Халелова.

68d6bb42-4b34-4966-8df3-b282e0f48354

Аудан басшысы Алпамыс Жаңабайұлы жәрмеңкені аралап, тауар сатушылармен тілдесіп, өнімдердің бағаларын барлады. Қасиетті жұма күні кәсіпкердің де саудасы жүріп, халықтың да қажеті өтеліп, берекесімен келді.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале