Бүгін халық алдында С.Мендешев және Көпжасар ауылдық округ әкімдерінің атқарылған жұмыстары туралы тоқсандық есептері баяндалды.
Өз кезегінде сөз алған аудан әкімі Дархан Закарин округ әкімдерінің атқарылған жұмыстарына өз бағасын беріп, тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша берілген мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және іске асыру жөнінде өз пікірімен бөлісті.
Содан соң жиын барысында ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажы мен өтініштері бойынша бірқатар түйінді мәселелер талқыланды. Ауыл халқын толғандырған негізгі мәселелер қатарында электр жарығының жиі өшуі, соның ішінде қысқы мерзімге дайындық жұмысының барысы, көл суы, тұрғын үй, кірме жолдар, жұмыссыздық, қаңғыбас иттердің көзін жою сынды шағымдар болды.
Кездесу соңында аудан әкімі ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
zhaikpress.kz