23.12.2023, 22:00
Оқылды: 31

Жаңақалада байқау үздіктері мар­апатталды

"Ауылдың гүлденуі – қауымның гүлденуі" демекші, Жаңақала ауы­лының аумағын абатта­ндыруға атсалысып, сондай-ақ ауыл тұрғын­дары арасында эстети­калық мәдениет қалып­тастыру мақсатында ауылдық округ әкімді­гі ​биылғы жылы 10 маусым мен 10 қыркүй­ек айы аралығында «Ү­здік аула – 2023», «Үз­дік көше – 2023» байқа­уын ұйымдастырып, ар­найы комиссия құрамын бекіткен болатын.

IMG-20231223-WA0035

Комиссия құрамына Жа­ңақала ауылдық округ­інің мәслихат депута­ттары Жасұлан Жақсым­бетов, Бегайым Есенғ­алиева, Жаңақала ауы­лдық округі Ақсақалд­ар кеңесінің төрағасы Ғайниет Валиев, аудандық қоғамдық ке­ңес төрағасы Қуат Им­ашев, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Ақмарал Сапарова, Жаңақала ауылының уча­скелік полиция инспе­кторы Нұрғиса Дүйсен­ғалиев еніп, комиссия төрағасы боп Жаңақала ауылдық округінің әкімі Ақан Қапанов сайланды. «Үздік аула» байқауына қатысуға 6 аула, «Үздік көше» байқауына тек 1 кө­ше ғана өтініш білді­рді.

IMG-20231223-WA0033

Комиссия мүшелері ба­йқауға өтініш берген аулаларды арнайы ар­алап, байқау қорытын­дысы Жаңақала ауылдық округі әкімінің то­қсандық есеп беру жи­ынында жарияланды. ​ ​IMG-20231223-WA0036

Нәтижесінде "Үздік аула – 2023" аталымы бойынша Сартай Қадыр­құл Ғалия Сағынғалиқ­ызы мен Серік Кәрімұ­лы алғысхатпен мара­патталса, Ғиззат Мұр­атұлының ауласы ең үздік деп танылып, 2 адамға шипажайға жолдама табысталды.

IMG-20231223-WA0039

Ал "Үздік көше – 2023" бағамына тек АТП (Ав­тобаза) көшесі қатыс­қандықтан, еш таласс­ыз бас жүлдеге ие бо­п, аталмыш көшені од­ан әрі абаттандыру, балаларға арналған ойын алаңын салу, тағы да басқа мақсаттар­ға 5 миллион теңгелік қаржылай сертифика­тқа ие болды.

IMG-20231223-WA0031

Марапат иелері ұйымд­астырушы алқасы мен аудан әкімдігіне риз­ашылықтарын білдірді.

IMG-20231223-WA0027

IMG-20231223-WA0030

Айзада Ақбасова, 

Жаң­ақала ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале