1.06.2025, 14:30
Оқылды: 207

Жаңақалада балақайларға арналған тағы бір ойын алаңы ашылды

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Тәуелсіздік» саябағында балалар ойын алаңының ашылу салтанаты өтті.

photo-output

Шараға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Еслямғалиева қатысты. Жиын барысында Алпамыс Жаңабайұлы бүлдіршіндерді төл мерекесімен құттықтай келе, жаңа ойын алаңын тарту етті.
Сондай-ақ, ата-аналар да жылы лебізін білдіріп, өз алғыстарын жеткізді. Келісімшарт сомасы 7503,9 мың теңгені құраған «Жаңақала Жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арнайы ойын алаңын көзтартарлықтай қылып салып берген.

Жүздері жадырап әткеншек теуіп, балалықтың бал күнінде қуыспақ ойнаған балдырғандардың қарасы көп болды. Қатысушылар естелік суретке түсіп, ойын жалғасын тапты.

Ақерке Мәлікқызы
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале