1.06.2025, 17:00
Оқылды: 148

Жаңақалада балалар күні мерекесіне орай мерекелік концерт өтті

Бүгін Достық алаңында Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен балаларды қорғау күніне орай «Біз бақытты баламыз еркелеген» атты мерекелік концерті өтті.

photo-output
Алдымен аудан басшысы Алпамыс Жаңабайұлы болашағы жарқын барша бүлдіршінді мерекелерімен құттықтады.

photo-output

Әрі қарай, балабақша жасындағы бөбектер би билеп, ән салса, мектеп жасындағы балдырғандар күмбірлете күй тартып, өз өнерлерін көпке паш етті. Сондай-ақ, тәтті балмұздақтар мен сусындар таратылды.

photo-output

Мерекені көңілді өткізуге атсалысқан жеке кәсіпкер, “Сабен” шағынмаркетінің басшысы Мейрамбек Хамитұлы болатын. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Данял Танзенов асфальтқа сурет салу, ұлттық және спорттық ойындар, велотуризм кедергілері, багги машиналарын жүргізу сынды ұйымдастырылған тартысты додаларда жеңіске жеткен бүлдіршіндерді марапаттап, сыйлықтар табыс етті.

photo-output

Мерекелік концерт соңында Қали Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің “Әуен” вокалдық тобының (жетекшісі Миргүл Асанова) орындауындағы «Казахстан это яркий мир» әні шырқалып, көңілді сәт өз мәресіне жетті.

Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале