12.06.2025, 22:00
Оқылды: 104

Жаңақалада белгілі кәсіпкермен қолөнерден шеберлік сағаты өтті

Бүгін Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұжымы «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай «Кәсіп баста» жобасы аясында ауданға белгілі кәсіпкер, он саусағынан өнер тамған ісмер Зарина Даумовамен шеберлік сағатын ұйымдастырды.

image-12-06-25-08-59-2

Еске сала кетелік, Зарина Азаматқызы 2023 жылы Қазақстанның КИНЭС рекордтар кітабына енген 400 құрақшының бірі.
image-12-06-25-06-54-1
Шара шымылдығын түрген аталмыш мекеме басшысы Дәурен Мерешов басты кейіпкерге толағай табыс, сарқылмас шабыт тіледі. Әрмен қарай тігіншілік өнерді қаршадайынан бойына дарытқан кеш қонағымен әдемі сұхбат өрбіді.

Сондай-ақ Зарина Азаматқызы мектеп оқушыларына шеберлік сағатын өткізіп, қолөнердің қыр-сырын үйретті.

Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале