3.02.2021, 12:17
Оқылды: 21

Жаңақалада білім ордалары 100 пайыз интернетпен қамтамасыз етілген

2019 жылмен салыстырғанда білім беру саласын қаржыландыру көлемі 32,4 %-ға өскен. 2020 жылы білім беруге арналған шығыстар 3,9 млрд. теңгені құраған.

3F891555-271F-4727-A18D-CD2C56B21614

Бүгінгі күнге «Мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою және жолдама беру» мемлекеттік қызметі аудан бойынша толықтай автоматтандырылды.

Ақпарат көздеріне қолжетімді болу үшін 21 мектептің барлығы 100% интернетпен қамтамасыз етілген.

Жаңа оқу жылы қарсаңында қашықтықтан оқитын мектептердің компьютерге қажеттілігі бар оқушылар қайтарымды негізде мектептер балансындағы компьютерлермен қамтылса, Үкімет резервінен 850 дана компьютер, ноутбук және планшет құрылғылары алынған.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылдың басынан барлық білім беру қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өсірілген болатын.

Барлық 14 ЖОББ мектептеріне 13,8 млн.теңгеге ішкі әжетханалары ауыстырылып, орнатылды. Сонымен қатар барлық білім беру ұйымдары 20,5 млн.теңгеге бейнекамералармен қамтылып, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 573,6 млн. теңге қаражатқа Пятимар ЖОББМ және М.Жүнісов атындағы ЖОББМ күрделі жөндеуден өтті.  

Алтынбек Ермекқалиев,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале