Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай Жаңақала ауданында «Жаңақала – 200 домбырашы» шеруі өтті.
Шерудің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Асқар Мұхамбетжанов шеруге атсалысқан домбырашылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Жаңақала мектеп-гимназиясының спорт залында өткен аталмыш шеруде 7 жас пен 80 жас арасындағы домбырашылар 200 санын бейнелей сап құрып, бір мезгілде Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» және «Адай» күйін орындады.
Шара соңында шеруге атсалысқан 200 домбырашыға Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз мектебі директорының алғыс хаты табысталды.
Нұрғали ҒАББАС,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер