Әлемді шарпыған тәж-тажал дәріге деген сұранысты арттырды. Жаңақала ауданындағы дәріханалардағы жағдай жіті бақылауда. Себебі тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру - басты мақсат. Жуырда аудандық штаб мүшелері аудан орталығындағы дәріханаларды аралады.
Тексеріс нәтижесінде облыс бекіткен дәрілердің бірде бірі жоқ болып шықты. Дәріхана иелері сұраныс бергендіктерін, алдағы уақытта антибитоик дәрілердің келетіндігін тілге тиек етті. Ал, мониторинг жүргізетін штаб мүшелері дәрі бағасын жөнсіз қымбаттатпауды тапсырып, бағаны бірқалыпты ұстауды жеткізді. Алдағы уақытта аудан орталығындағы дәріханалардың жай-күйі тексерілетін болады.
Жанайдар Жұмағұлов,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz