Бүгін еліміз үшін жауапты күн.
Айтулы күнде ел болашағына салғырт қарамайтын тұрғындар өз таңдауларын жасап жатыр. Өңірдегі дауыс беру учаскелерінде жиналған халықтың қарасы көп. №128 Гагарин референдум учаскесінде ел тарихындағы ұрпақ болашағы үшін елеулі оқиғаға үлесін қосушылардың көңіл-күйі де жақсы екенін байқадық.
– Ел болашағы үшін өз үлесімізді қосқанымызға қуанамыз. Тамыр-таныс, көрші-көлеммен бірге өз дауысымызды беруге келдік. Халықтың өзі шешетін мәселе болғандықтан, оң нәтиже көрсеткені жақсы. Бұған дейін де, түсіндірме жұмыстары туралы жиындарға қатыстық. АЭС құрылысы бойынша көптен күткен шешуші кезеңде барша ауыл тұрғындарына сәттілік тілеймін, - дейді Қали Жантілеуов көшесінің тұрғыны Алтынай Уталиева.
Айта кету керек, Жаңақала ауданы бойынша 24 референдум учаскесі жұмыс жасап жатыр.
Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы