Бүгін ауданымызда әлемдік стандарттарға сай салынған дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Ғали Есқалиев спортшыларға табыс тілеп, Жаңақала ауданынан үлкен жетістіктер күтетіндігін жеткізді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Шапихұлы барлық жағдайы жасалған спорт кешенінің салынуына мұрындық болған азаматтарға аудан жұртшылығының атынан алғысын айтты.
Аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы ҚПО компаниясының менеджері Ержан Қамбарұлына және "Жайық сельстрой" ЖШС-ның директоры Ерденбек Алдиярұлына аудан халқының атынан алғыс пен ескерткіш сыйлық табыс етті.
Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің лентасын облыс әкімі Ғали Есқалиев пен самбодан жастар және жасөспірімдер арасында әлем чемпионы жерлесіміз Бақыт Ерасыл қиды.
Жалпы көлемі 991,0 шаршы метрді құрайтын спорт нысаны 160 орынға есептелген.
Салтанатты шараның соңы спорт кешенін аралауға ұласты.
Жанайдар Болатбекұлы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz