24.05.2025, 18:00
Оқылды: 253

Жаңақалада еске алу турнирі өтті

Бүгін «Jastar» спорт кешенінде Айдархан жалпы орта білім беретін мектебінің 2010 жылғы түлектерінің ұйымдастыруымен Әділғали Жолдыбаевты еске алуға арналған волейболдан аудандық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

photo-output

Жарысқа ауылдық округтерден жиналған барлығы 8 команда қатысуда. Мемлекеттік Гимн орындалғаннан кейін, аудан басшысы Алпамыс Көшкінбаев пен марқұмның әкесі Елеуғали Әділғалиұлына сөз берілді. Сондай-ақ, құрдастары атынан марқұмның ұлдарына Орал қаласында орналасқан «Sport-master» спорттық киімдер дүкенінен 100 000 теңге ақшалай сертификат табыс етіп, қатысушылар ақтан дәм татты.

photo-output

Сондай-ақ, жарысқа қатысушы Мәстексай ауылдық округінің құрамасы Әділғалидың жолдасы мен екі ұлына 50 000 теңге ақшалай сыйлық ұсынды. Әрі қарай, Әділғали Елеуғалиұлын 1 минут үнсіздікпен еске алды.

photo-output
Жарыс аталмыш спорт клубында жалғасатын болады.

Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале