Бүкіл әлемді алаңдатып отырған COVID-19 жұқпалы ауруының алдын алу мақсатында Жаңақала ауданында бірқатар іс-шаралар жүзеге асуда.
Аудан тұрғындарына қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарымен қатар, халық көп жиналатын әлеуметтік нысандар мен халыққа қызмет көрсететін бірқатар мемлекеттік мекеме ғимараттары заласыздандырылуда.
Нақтырақ айтсақ, бүгін, яғни 27 наурыз күні арнайы қорғаныс киімін киген аудандық ветеринариялық станция қызметкерлері халық көп жиналатын әлеуметтік нысандар мен мекеме ғимараттарын хлор ерітінділермен залалсыздандырды. Мамандар залалсыздандыруға арналған ерітінді әртүрлі вирустарды жойғанымен, адам өміріне қауіпсіз екендігін жеткізді.
Ақсәуле Хамзина
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер