3.03.2024, 18:36
Оқылды: 52

Жаңақалада қайырымдылық концерті өтті

Алғыс айту күні – барша жанның жүрегіне мейірім ұялатып, ерекше сезімге бөлейтін мереке. Осынау айтулы күнде Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында «Шын жүректен алғыс айтамын» атты қайырымдылық концерті өтті. Шарада Мұхаммед есімді 7 жасар бүлдіршіннің еміне арнайы жәшік қойылды.

image-02-03-24-05-38

Мұхаммед Қасымғалиұлы Жаңақазан ауылы Жуалыой елді мекенінде 2017 жылы 7 ақпанда дүниеге келген. Бала жастан мүгедектігі бар балақайға церебралды сал ауруы диагнозы қойылған (ДЦП). Аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы алдымен аудан тұрғындарын мерекемен құттықтай келе, дертіне шипа іздеген мұқтаж жанға қол ұшын созуға шақырды.

image-02-03-24-05-38-3

Аталмыш концерттің оздырылуына үлес қосып, жиылған жұртшылықтан көмек күткен отбасыға жәрдем беріп, жаралы жанның көз жасын сүртуге шақырған мәдениет үйінің қызметкерлері мен Қали Жантілеуов атындағы музыка мектебі оқытушылары мен шәкірттерінің еңбегі зор. Сахна биігінен көрінген өнерпаздардың барлығы қайырымдылық жәшігіне өз үлестерін қосты.

image-02-03-24-05-38-1

Жүрегі жылы, мейірімді жандардың көптігі бір қуантса, «әлі-ақ сауығып кетемін» деген үмітпен ем іздеп жүрген балақайдың тілегі көңілге медет сыйлайды. Жақсылықтың жаршысы болу өз қолымызда.

image-02-03-24-05-38-4

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале