14.10.2020, 11:01
Оқылды: 45

Жаңақалада карантин ережесін бұзғандарға айыппұл салынды

Жаңақала аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасын мамандарының берген мәліметіне сүйенсек, карантиндік іс-шаралар талаптарын бұзғаны үшін жеке кәсіпкерлер мен тұрғындарға 425-баптың негізінде әкімшілік іс қозғалды.

ajppul

Соның ішінде 1 жеке кәсіпкердің сауда нысанында әлеуметтік қашықтық сақталмағаны үшін 319470 теңге айыппұл салынды. Ал екінші кәсіпкер салынған айыппұлды төлеуден жалтарып жүр... Жалпы, карантиндік шектеулер қойылғалы аудан бойынша заңға бағынбаған, тәртіпке салғырт қараған 23 тұрғынға айыппұл салынды. Нақтырақ айтсақ, оның 1-еуі «Бетперделік режимді» сақтамағаны үшін, 11-і карантиндік шектеу мезгілін бұзғаны үшін, қалған 11 тұлға карантиндік шектеу, яғни үйлерінде адамдар шоғырлануына жол беріп, той тойлап, мерекелік іс-шаралар өткізгені үшін айыппұл төледі.

23 жеке тұлғаға 50 пайыз жеңілдікті пайдалана отырып, яғни 83340 теңгенің жартысы 41670 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл мөлшері 958410 теңгені құрады.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале