4.11.2022, 22:42
Оқылды: 14

Жаңақалада қариялар бас қосты

Бүгін Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде аудан әкімі Дархан Закарин ауданның көнекөз қарияларымен кездесу өткізді.

4890B7D7-804C-4467-8653-A26954D322CE

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында ардагерлерге қамқорлық жасауда ауқымды шараларды жүзеге асыруды жүктеген болатын.

Осыған орай қазан айының басы Қариялар күні деп белгіленгеннен бері бұл мереке биыл да өз деңгейінде аталып өтілді.

D1FC97F7-7561-40B1-883E-49C647246E2C

Аталған шараға беделді ардагерлерімізбен қатар аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данял Танзенов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғали Ғаббасов қатысты.

988B2F50-B329-41FC-A1EC-9E6B5A258FBF

Кездесу барысында Дархан Әмірханұлы аудандағы маңызды мәселелерге тоқталып өтті. Атап айтсақ, тұрғындар қаперінде жүрген көл-су жәйттары, мал азығы, жайылым, шабындық, жол мәселесі, оның ішінде ауыл ішіндегі және кірме жолдар, шибен мен битум тапшылығы, жол салудағы жаңа технологиялар, тұрғын үй құрылысы жөніндегі маңызды салаларға толығырақ тоқталды.

Еркін форматта өткен кездесу кешінде ауыл ақсақалдары аталған тақырыптар бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале