11.07.2020, 13:48
Оқылды: 274

Жаңақалада кәсіпкер індет белгісі табылып, емделіп жатқан жерлестеріне 20 бағланын тарту етті 

Атам қазақ «Ақсұңқар жемін шашып жейді, құзғын жемін басып жейді» деген сөзді қалай тауып айтқан?! Ақсұңқар сынды азаматтардың арқасында қайырым мен мейірімнің барына сенесің. Ата кәсібінен адал нәсібін тауып жүрген олар табысын бауырына баспай, басқалармен бөлісіп, жомарттық танытатыны қандай ғанибет. Сондай кең пейілді, үлкен жүректі азаматтың бірі -жаңақазандық «Достар» шаруа қожалығының жетекшісі Думан Қарағойшин.

3FD645A0-BB58-4CD1-8DC0-19AB6060640F

Думандай мәрт азаматтың қайырымдылығына жерлестері бір емес бірнеше рет куә болған еді. Өткен жылы көпбалалы отбасына тұрғын үй салып берсе, одан бұрын да халыққа бірталай жақсылық жасады. Осындай игі істердің жалғасы ретінде Думан ағамыз дәл бүгін ел айта жүретіндей тағылымды іс қылды. Нақтырақ айтсақ, індет белгісі табылып, ауруханада ем алып жатқан жерлестерімізге арнап 20 бағылан берді. Қозылар «Ет комбинатында» сойылуда. Мұны аяқтай барып, көріп келдік. 20 қозының еті ауданаралық сауықтыру ауруханасында, аудандық ауруханада індетпен күресіп, ем алып жатқан жерлестерімізге берілмек.

AC110775-35D8-4A3E-82E7-E0F2062A59D7

«Жігітке жомарттық жарасады» дейді қазақ. Осы орайда ел үшін туған ер екенін көрсетіп, қиын кезде халқына қайырымдылық жасай білген Думандай азаматқа Алла разы болсын демекпіз!

Алтынбек Ермекқалиев,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале