28.04.2022, 16:15
Оқылды: 49

Жаңақалада кезектен тыс ХХІ сессия өтті

Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІ сессиясы өтті. Аудандық мәслихат хатшысы Серік Жәрдемалиевтің жүргізуімен өткен жиынға аудан әкімі Дархан Закарин, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Кезектен тыс ХХІ сессия (6)

Сессияның күн тәртібінде 10 мәселе қаралды. Аудан құрамына кіретін ауылдық округ әкімдері «2022-2024 жылдарға арналған бюджет» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәлімдеме жасады. Соңғы мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Сапаров аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 22 қаңтардағы №2-2 «Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәлімдеді.

Кезектен тыс ХХІ сессия (1)

Жиын қорытындысында ұсынылған мәселелер толық қолдау тауып, шешім жобасы бекітілді.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале