1.10.2024, 16:45
Оқылды: 10

Жаңақалада кезекті аппараттық кеңес отырысы өтті

Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың төралығымен аппараттық кеңес отырысы өтті.

5AE741D0-9C15-4386-9E88-F7BE032EB829

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, қоғамдық кеңес төрағасы, ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелер қозғалып, жылыту маусымына дайындық барысын тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Нұрберген Тілекқабылов баян етіп, қойылған сауалдар бойынша ауылдық жерлер мен елді-мекендердегі жолдарды қыру жұмыстарын жасауға және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мейірім Бақтыгереевке тексеріс жұмыстарын жалғастыру жөнінде тапсырма берілді.

Аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Жанболат Бақтыгереев референдум бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Ақерке Ғилымхан

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале