Бүгін Жаңақалада кезекті жәрмеңке жиыны өтіп жатыр. Аталмыш шараға тағы да ауылдық округтердің сатушылары келді. Тұрғындар қажетті азық-түлік бағаларын нарықтық бағадан төменгі бағаға сатып алу мүмкіндігіне ие.
Жиында шөп (7000тг, Жаңақала және Қызылоба ауылдық округі), көкөністер (асқабақ - 200тг, баклажан - 250тг, ащы бұрыш - 200тг картоп 1 қапшығы – 2800тг), ет (2000-2300 тг аралығы, қазы - 4300тг, тартылған ет - 2000тг), балық (шортан - 1200тг) және сүт өнімдері (айран - 400тг, қайнаған құрт - 2000тг, май - 7000тг, құрт – 2500тг, қарынқұрт - 20000тг) сатылуда.
Жанна Миха,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz