Бүгін Жаңақала ауданы орталғында күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ауылдық округтердегі шаруа қожалықпен жеке кәсіпкерлердің өнімдері тиімді бағада тұрғындарға ұсынылды.
Сенбінің таңындағы қызған саудаға жиналған ауыл халқы баршылық еді. Ал, сатылым бағасына тоқталар болсақ, картоптың келісі 140 теңге, пияз - 90теңгені құраса, асқабақ - 150 теңгеден сатылды. Сондай-ақ, көтерме бағада 120теңгеге берілді. Жаздың сәнін келтірген қауын мен қарбыз 150-100 теңгеден ұсынылып, дәруменге толы тағамдардан сүт, айран, сары май және қой еті де сатылды. Сонымен қатар, қызылобалық кәсіпкер, КХ - “Наурыз” мал азығын 7000 теңгеден ұсынды. Аудан орталығында түрлі тәттілер дайындап, дүкендерге сатылымға шығарып жүрген Динара Жұматаевада (ИП “Азалия”) жәрмеңке де төбе көрсетті. Оның дайындаған тәтті бәліштері мен түрлі пирогтары кезек күттірместен өтіп кетті. Айта кетерлік жәйт, бұл жыл басынан бері өтіп жатырған сегізінші жәрмеңке.
Ақерке Ғилымхан,
Жаңақала ауданы