28.04.2024, 9:01
Оқылды: 51

Жаңақалада кезекті сенбілік өтті

"Тазалық – денсаулық кепілі" деп айтылса, қоршаған ортаны таза ұстау – баршамыздың парызымыз. Жаңақала ауданы әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың 2024 жылғы 29 наурыздағы №44-Ө аудан бойынша санитарлық-экологиялық айлықты өткізу туралы өкімі бойынша 6 сәуір мен 4 мамыр аралығында тазалық айлығы жарияланған болатын. Бүгін сол кезекті сенбілік жалғасын тауып, полигон аймағының 2 бағытын тазалап, зират басын қоршау жұмыстары жүргізілді.

image-27-04-24-06-50-3

Сонымен қатар ауыл ішіндегі саябақтардың ағаштарын шығару жұмыстары да атқарылды. Тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстары баршамызға ортақ.

image-27-04-24-06-50

Әр сенбілікке тұрғындар ерікті түрде қатысып, білек сыбана жұмыс істеуі керек. Өйткені игілікті іс жұмыла кіріскенде ғана нәтижелі болады.

Аруғаным Қазиева,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале