«Тазалық – денсаулық кепілі» деп айтылса, қоршаған ортаны таза ұстау – баршамыздың парызымыз. Бүгін кезекті сенбілік жалғасын тауып, алдымен аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы және мекеме басшылары Бабажанов көшесіндегі саябаққа көшет отырғызды.
Кейін барлық мекемелер полигон аймағының 2 бағытын тазалады. Сонымен қатар орталық саябақтардың ағаштарын шығару жұмыстары да атқарылды. Тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстары баршамызға ортақ. Әр сенбілікке тұрғындар ерікті түрде қатысып, білек сыбана ауыл тазалығына атсалысулары қажет.
Өйткені игілікті іс жұмыла кіріскенде ғана нәтижелі болады. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар да өз үйлерінің маңын тазартып, сенбілік ұйымдастырса нұр үстіне нұр болар еді.
Аруғаным Қазиева
Жаңақала ауданы