4.05.2024, 16:47
Оқылды: 28

Жаңақалада кезекті жәрмеңке өтті

Бүгін аудан орталығында ауыл шаруашылығы тауарларының кезекті жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған көршілес Көпжасар ауылы мен өзіміздің жергілікті кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылды.

167c5d04-7073-4293-9b1e-e9a3d80c5428 (1)

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне жиналған жұрттың қарасы қалың болып, арзандатылған отандық өнімге, соның ішінде сүт тағамдарына, нан тағамдарына, табиғи балдың түрлері мен әртүрлі жеміс ағаштарына қызығушылық танытты. Мәселен, алдыңғы жәрмеңкеде жеміс ағаштары 2500 теңгеден, раушан гүлдері 800 теңгеден берілсе, бұл жолы теректер 2000 теңгеге, гүлдер 500 теңгеге сатылды. Әлеуметтік маңызы бар тауарларды тиімді бағада алуға келген аудан тұрғындары мұндай шараның берері мол екенін атап өтті.

ccddc0bd-a016-41c4-bc8b-e574210adcb2 (1)

 

5ecb4b75-2d1a-4784-9eed-83804d34cc2f

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале