28.03.2026, 14:31
Оқылды: 7

Жаңақалада қоғам қайраткерін еске алуға арналған футзалдан дәстүрлі турнир өтті

Бүгін «Jastar» спорт клубында белгілі қоғам қайраткері, Жаңақала аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Сатқали Сапаровты еске алуға арналған футзалдан аудандық ашық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

image-28-03-26-01-35-1

Жарысқа сайдың тасындай мықты спортшылардан құралған 16 команда қатысатын болады. Мемлекеттік Гимн орындалғаннан кейін, ашық турнирдің қонақтары таныстырылды. Олардың қатарында, аудан басшысы Алпамыс Жаңабайұлы және орынбасары Руслан Қонысбайұлы, Сатқали Сапаровтың ұлы Фазылғали Сатқалиұлы мен ұрпақтары, бөлім басшылары, ардагерлер қатысты. Алғысөз Алпамыс Көшкінбаев пен Фазылғали Сапаровқа ұсынылып, олар қатысушыларға сәттілік тіледі. Содан соң, аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпазы Азамат Марат «Көк бөрі» әнін шырқап, жарыс қатысушыларын жігерлендірді.

image-28-03-26-01-35-2

Оқырмандарымыздың есіне сала кетейік, аталмыш турнир 2013 жылдан бері жыл сайын тұрақты түрде жалғасын тауып келеді. Футзалдың бас демеушілері – Сатқали Сапарұлының ұрпақтары. Таңмен таласа басталған тартысты дода кешке дейін жалғасын табатын болады.

Ақерке Ғилымхан

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале