30.03.2025, 10:30
Оқылды: 80

Жаңақалада қоғам қайраткерін еске алуға шағын футболдан ашық турнир өтті

Кеше «Jastar» спорт клубында Жаңақала аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Сатқали Сапарұлын еске алуға арналған шағын футболдан аудандық ашық турнирдың ашылу салтанаты өтті.

image-29-03-25-05-00-1

Белгілі қоғам қайраткерінің ұрпақтары ұйымдастырған дәстүрлі іс-шараға барлығы 13 команда бәсекеге түсті. Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, аудандық «Jastar» спорт клубының басшысы Жанболат Гумаров, Сатқали Сапарұлының барша ұрпақтары мен аудан ардагерлері қатысып, командаларға сәттілік тіледі.

image-29-03-25-05-00-2

Жанкүйерлердің жалынды қолдаулары ала доп аламандарына одан әрі тартысты ойын өрнегін көрсетуге себеп болды. Байрақты бәсекенің қорытындысымен сәлден кейін бөлісетін боламыз.

image-29-03-25-05-00-3

Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале