28.02.2024, 23:30
Оқылды: 60

Жаңақалада қоғамдық кеңес отырысы өтті

Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында кезекті қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиынға тиісінше Қуат Имашев төрелік етіп, бөлім басшылары және кеңес мүшелері қатысты.

image-28-02-24-11-10 (1)

Күн тәртібі бойынша бес мәселе қаралды. Көпжасар ауылдық округінің әкімі Нұрбол Бектілеу атқарған жұмыстарының есебін бере отырып, алдағы уақытта білім ордасы мен ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу керек екендігін және Салтанат, Саралжын елді мекендеріндегі электр желілерін толық тексерістен өткізіп, қалыпқа келтіру қажеттігін ескерте кетті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселеге сай, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы аталмыш мекеменің басшысы Еркін Сапаров баяндап берді. Аудандық ҚазСуШар Батыс Қазақстан облысы филиалының басшысы Е.Төлеуғалиев атқарған өз есебімен таныстырса, ауылымыздағы қоғамдық моншаны сенімгерлік негізінде басқарып отырған жеке кәсіпкер Алина Тілегенова моншаның бағасын көтеру жөнінде ұсыныс тастады.

Жаңақала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 13-3 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ақылбек Семенов хабарлап берді.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің тарапынан ұсыныстар ортаға салынып, баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тиісінше жауаптар алынды.

Ақерке Мәлікқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале