28.03.2025, 14:30
Оқылды: 247

Жаңақалада қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Жаңақала ауданында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Қоғамдық кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасары Р.Ғұмар, аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері, бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. Аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Р.Уразалиев төрағалық жасады.

87a9532b-f29b-4cb1-b93b-647c6e781abc (1)

Алдымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Семенов Жаңақала аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» № 24-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы хабарламасын жасады. Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, сын-пікірлер айтылып, аудандық бюджет жобасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жасап, қарар қабылдады.  Күн тәртібіндегі Көпжасар ауылдық округі әкімі Н.Бектілеу, Мәстексай ауылдық округі әкімі Е.Тлепбергенов ауылдық округ әкімінің 2024 жылы атқарған жұмыстарының есебі және 2025 жылға арналған жұмыс жоспары туралы және "Қазсушар" филиалы Жаңақала учаскесінің басшысы Е.Тулеугалиев Жаңақала учаскесінің атқарылған жұмыстарының есебі туралы баяндамалар жасау керек болатын, алайда алдын ала ескертусіз келмеулеріне байланысты кейінге қалдырылды.

Отырыс соңында аудандық мәслихат депутаты Қ.Мухамбетов Мәстексай ауылы тұрғындарының атынан жазылған ауылдық округтегі медициналық амбулаторияға дәрігерлерді әкелу жөніндегі өтінішін тапсырып, жұмыстануды сұрады. Сонымен қатар, бір топ Жаңақала ауылының тұрғындары ауылдық жайылым жерді тұрғындардың келісімінсіз жеке кәсіпкерге пайдалануға берген ауылдық округ әкімінің шешіміне наразылықтарын білдіріп, өз өтініштерін жоғары билікке жеткізуді сұрады.

Қоғамдық кеңес мүшелері қоғамдық кеңес отырысында қаралған мәселелер бойынша алдағы уақытта жұмыстанатын болады.

А.Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале