8.04.2025, 10:15
Оқылды: 81

Жаңақалада «Көктемгі бағдарлау» жарысы өтті

Кеше Жаңақала ауданында балалар мен жасөспірімдер арасында спорттық бағдарлауды насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жаттықтырушылар мен спортшылардың біліктілігін арттыру, республикалық жарыстарға үздік спортшыларды анықтап, облыс құрамасын жасақтау мақсатында аудандық «Көктемгі бағдарлау» жарысы өтті.

image-07-04-25-08-47-2

Оған Жаңақала ЖОББМ, №3 ЖОББМ, Д.Нұрпейісова атындағы ЖОББМ, Е.Орақбаев атындағы ЖОББМ, М.Мирманов атындағы ЖОББМ, Пятимар ЖОББМ, Карманов мектеп бөбекжай балабақша кешені, Айдархан ЖОББМ, М.Жүнісов атындағы ЖОББМ, С.Меңдешев атындағы ЖОББМ, Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ, «Жас туристер станциясы», барлығы 12 команда қатысты. 2015-2016, 2013-2014, 2011-2012 , 2009-2010 жылғы жас ерекшелігі бойынша сынға түскен сайыста 80-нен астам оқушылар бақтарын сынады. Жарыс «Орта», «Спринт» қашықтықтары бойынша SPORT ident электронды есептеуіш жиынтығы құрылғысы арқылы өтті.

image-07-04-25-08-47-1
БҚО балалар, жасөспірімдер туризмі және экология орталығының әскери патриоттық тәрбие және спорттық бағдарлау бөлімінің меңгерушісі, ұлттық дәрежедегі төреші Райлан Нұрманов бас төрелік етіп, нәтижесінде ұлдар арасында 10 жас ерекшелігінде І орын Расул Ақан (Жаңақала ЖОББМ), ІІ орын Қанат Қайырсапа (Пятимар ЖОББМ), ІІІ орын Айсұлтан Бақыт (М.Мирманов ЖОББМ), Қыздар 10 жас ерекшелігінде І орын Ұлпан Жолдасқали (Жаңақала ЖОББМ), ІІ орын Перизат Аманжолқызы (Пятимар ЖОББМ), ІІІ орын Алина Жумагерейева (М.Мирманов ЖОББМ), Ұлдар 12 жас ерекшелігінде І орын Нұрислам Түсіпқали (Карманов МББК), ІІ орын Нұрдаулет Жанболат (Жас туристер станциясы), ІІІ орын Айбат Меңдіхан (№3ЖОББМ), Қыздар 12 жас ерекшелігінде І орын Мөлдір Шайдолла (Жас туристер станциясы), ІІ орын Інжу Мұстақап (Пятимар ЖОББМ) ІІІ орын Еркеназ Жасұланқызы (С.Меңдешев ЖОББМ), Ұлдар 14 жас ерекшелігінде І орын Мейірім Қуанышқали (Е.Орақбаев ЖОББМ), ІІ орын Аңсар Бекес (Айдархан ЖОББМ) ІІІ орын Ербатыр Қайсарұлы (Е.Орақбаев ЖОББМ), Қыздар 14 жас ерекшелігінде І орын Айсезім Нұрханқызы (Е.Орақбаев ЖОББМ), ІІ орын Нұрайым Ғайнолла (М.Мирманов ЖОББМ) ІІІ орын Нұр Темірболат (Карманов МББК), Ұлдар 16 жас ерекшелігінде І орын Ислам Ғабдол (Д.Нұрпейісова ЖОББМ), ІІ орын Досжан Досалы (Д.Нұрпейісова ЖОББМ), ІІІ орын Рахат Хайрат (№3ЖОББМ) Қыздар 16 жас ерекшелігінде І орын Аруназ Қуанышқали (№3ЖОББМ), ІІ орын Асылзат Қадырбай (Ә.Жангелдин ЖОББМ), ІІІ орын Айнара Қажиден (Жаңақала ЖОББМ), иеленді. Ал «Орта» қашықтық бойынша Ұлдар 10 жас ерекшелігінде І орын Расул Ақан (Жаңақала ЖОББМ), ІІ орын Қанат Қайырсапа (Пятимар ЖОББМ), ІІІ орын Айсұлтан Бақыт (М.Мирманов ЖОББМ), Қыздар 10 жас ерекшелігінде І орын Алина Жумагерейева (М.Мирманов ЖОББМ) ІІ орын Ұлпан Жолдасқали (Жаңақала ЖОББМ), ІІІ орын Перизат Аманжолқызы (Пятимар ЖОББМ), Ұлдар 12 жас ерекшелігінде І орын Ернұр Жасқайрат (Жаңақала ЖОББМ), ІІ орын Нұрислам Түсіпқали (Карманов МББК), ІІІ орын Саят Нұрболатұлы (Пятимар ЖОББМ), Қыздар 12 жас ерекшелігінде І орын Назеркем Бақытжан (Карманов ЖОББМ) ІІ орын Мадина Мағауия (№3 ЖОББМ) ІІІ орын Линара Сұлтанбек (Жаңақала ЖОББМ) Ұлдар 14 жас ерекшелігінде І орын Әділбек Жанболатұлы (№ 3 ЖОББМ), ІІ орын Мейірім Қуанышқали (Е.Орақбаев ЖОББМ) ІІІ орын Аңсар Бекес (Айдархан ЖОББМ) Қыздар 14 жас ерекшелігінде І орын Аяна Асылбек (№3 ЖОББМ), ІІ орын Кәусар Қуаныш (Пятимар ЖОББМ) ІІІ орын Нұр Темірболат (Карманов МББК), Ұлдар 16 жас ерекшелігінде І орын Ақтілек Каким (Жаңақала ЖОББМ) ІІ орын Ислам Ғабдол (Д.Нұрпейісова ЖОББМ) ІІІ орын Досжан Досалы (Д.Нұрпейісова ЖОББМ), Қыздар 16 жас ерекшелігінде І орын Айнара Қажиден (Жаңақала ЖОББМ), ІІ орын Аруназ Қуанышқали (№3ЖОББМ), ІІІ орын Асылзат Қадырбай (Ә.Жангелдин ЖОББМ) жүлдегер атанды. Жүлделі орынға ие болған спортшыларды ұйымдастырушы «Жас туристер станциясы» аудандық білім беру бөлімінің басшысы Данял Танзеновтің дипломдарымен марапаттады.

image-07-04-25-08-47

Айта кететін жәй әлемдік жарыстардың көпшілігі SPORT ident электронды есептеуіш жиынтығы құрылғысы арқылы өтеді. Оқушылардың қызығушылығы мен талпынысынан ілгерілеушілік байқалады. Аталған құрылғыға «Жас туристер станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қажеттілігін айта кеткен жөн. Аудандық кезеңнің үздіктері 15-17 сәуір аралығында өтетін облыстық жарысқа қатысатын болады.

Сыйлыхан Жұмасалық
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале