Warning: session_start(): open(/tmp/sess_02pdmfevbcergognnsg9d0ucf4, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Жаңақалада "Күншуақ" жазғы лагері жалғасуда - официальные новости ЗКО
15.06.2024, 20:42
Оқылды: 488

Жаңақалада "Күншуақ" жазғы лагері жалғасуда

Бүгін Жаңақала мектеп-гимназиясының жатақхана ғимаратының алаңында "Күншуақ" жазғы демалыс лагерінің 2-кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Барлығы 200 оқушы қамтылатын аталмыш лагерь төрт кезеңнен тұрады. Әр кезеңге 50 оқушыдан жоспарланған.

image-14-06-24-08-29

Шара барысында ҚР Гимні орындалып, мектептен тыс жұмыс орталығының директоры қызметін уақытша атқарушы Ринат Дияр сөз сөйлеп, балдырғандарға ізгі тілегін жолдады.

image-14-06-24-08-29-2

Аталмыш білім ордасының педагогтары мен ұстаздары тәлімгер ретінде сайланып, оқушылармен таныстық жұмыстарын жүргізді.

image-14-06-24-08-29-5

Әрі қарай жиналған оқушылар өнерлерін ұсынды. Шара соңында балалар ұрандатып, кешкі тамақ ішуге аттанды.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале