16.06.2024, 20:28
Оқылды: 58

Жаңақалада құрбандық шалынды

Бүгін барлық мұсылман қауым асыға күткен күн. Бүгін – Құрбан айт мерекесі. Жаңақала аудандық мешітке барша жамағат жиылып, Айт намазы оқылды. Түске дейін ет комбинатында ауыл тұрғындары құрбан шалып, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға таратты.

IMG-20240616-WA0057

Жоспарға сәйкес, аталмыш мерекеге орай, мешіттің ерлер жамағаты табиғат аясында демалыс ұйымдастырып, спорттық сайыстар өткізілетін болады.

IMG-20240616-WA0056

Шалған құрбандықтарыңызды Алла қабыл етсін. Мейрам құтты болсын.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале