Бүгін Жаңақала ауданы әкімі Алпамыс Көшкінбаев Көпжасар ауылдық округіндегі Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта білім беретін мектептің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Аталған нысан бойынша мердігер – «Жайық Сити» ЖШС.

Жөндеу жұмыстары 2024 жылдың 17 сәуірінде басталған, ал 14 қыркүйекте аяқтау жоспарланған. Дегенмен мердігер ұйым құрылыс жұмыстарын жаңа оқу жылы басталғанша толық аяқтауды көздеп отыр. Учаске меңгерушісі Бектас Бегалиевтің айтуынша, нысанда қазіргі таңда 54 адам жұмыс жасауда, оның ішінде 22-сі – жергілікті тұрғындар.

Сыйлыхан Жұмасалық
Жаңақала ауданы