6.08.2025, 18:00
Оқылды: 332

Жаңақалада мәнерлеп оқу байқауы өтті

Биыл ұлы ойшыл, қазақтың біртуар перзенті Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде ақынды ұлықтауға арналған мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

image-06-08-25-05-02 (2)

Соның бірі – Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің мәжіліс залында өткен «Абай дана, Абай дара қазақта» атты аудандық мәнерлеп оқу байқауы. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл байқаудың негізгі мақсаты – ұлы тұлғаның рухани мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, көркем сөзге деген сүйіспеншілігін арттыру, ой-танымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Байқау екі кезеңнен тұрды: алғашқы кезеңде қатысушылар Абай Құнанбайұлының кез келген өлеңін мәнерлеп оқыса, екінші кезеңде жасырын түрде жеребе арқылы түскен қара сөздерінің мағынасын ашып, түсініктеме берді.

Шараға 5 ауылдық округтен келген оқушылар өздерінің шеберліктерін ортаға салды. Байқауға аудандық кітапхана директоры Дина Мұқашева, «Жаңарған өңір» газетінің арнаулы тілшісі Сыйлыхан Жұмасалық және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының психологы Сайра Серікбаева қазылық етті. Нәтижесінде Аймырза Абайұлы (Көпжасар а.о.) – І орын, Нәзік Жанұзақ (Жаңақала мектеп-гимназиясы) – ІІ орын,  Ерген Абайұлы (Мәстексай а.о.) және Айжұлдыз Назарқызы (Бірлік а.о.) – ІІІ орын,  Ақбөбек Тілекқабыл (Жаңажол а.о.) – «Абай мұрасын терең түсінгені үшін» арнайы номинациясына ие болды. Осындай тағылымды шаралар арқылы жастарымыз Абай әлеміне терең бойлап, сөз құдіретін ұғынып, рухани байып келеді. Абай мұрасы – ұлттың асыл қазынасы. Ол халқымызбен бірге жасай бермек.

 

Сыйлыхан Талапұлы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале