28.02.2025, 11:00
Оқылды: 460

Жаңақалада «Маржан сөз, қоңыр үн» жүргізушілер байқауы өтті

Ақын Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен, аудандық мәдени-демалыс орталығына қарасты Қызылоба ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ауданымызда алғаш рет «Маржан сөз, қоңыр үн» мәдени шара жүргізушілерінің байқауы өтті.

Мақсаты-аудан жастарын шығармашылыққа баулу, академиялық мәнердегі жүргізушілерді анықтау,олардың орындаушылық шеберлігін арттыру және мәдени шараларды, салтанатты жиындарды жүргізетін таланттарды анықтап,оларға қолдау көрсету. 16 мен 30 жас аралығындағы 10 үміткер  қатысқан шара екі кезеңнен тұрды: I кезең - «Көркем сөз шебері» үй тапсырмасы (Қ.Мырза Әлінің 90 жылдығына, А.Құнанбаевтың 180 жылдығына, Б.Момышұлының 115 жылдығына, Т.Молдағалиевтың 90 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай поэзиялық, прозалық шығармалардан үзінді оқу), II кезең - «Сөз мәнері» (қатысушыларға алдын ала сценарий нұсқасы беріледі. Байқау күні жеребе суырылып, 2 жүргізуші жұптасып берілген сценарийді оқиды).

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Нұрғалиқызы, мәдени-демалыс орталығы директорының шығармашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары Райгүл Жасұланқызы, Е.Ш.Орақбаев атындағы ЖОББМ директоры Жанар Сәкенқызы жастардың ерекше қабілетін танып, төрелік жасады. Дода нәтижесі бойынша Асылжан Сәрсенова /Жаңақала ауылы, жетекшісі Ж.Мұсағалиев/ І орынға, Назерке Нуханова /Көпжасар ауылы, жетекшісі Л.Баймулдина/ мен Ернар Шариполла /Мұқыр ауылы, жетекшісі Г.Хайруллина/  ІІ орынға, Гүлім Нәсиева /Қызылоба ауылы, жетекшісі В.Каменова,  Ақеділ Ғұбашев /Мәстексай ауылы, жетекшісі Г.Негаева/, Альбина Қазиолла /Жаңақазан ауылы, жетекшісі А.Асқарова/ ІІІ орынға лайық деп танылды.

image-25-02-25-07-53 (1)

Барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Алдағы уақытта аталмыш байқау өз жалғасын табатын болады.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале