4.04.2026, 9:00
Оқылды: 6

Жаңақалада мемлекеттік қолдау бағдарламаларын түсіндіру бойынша кездесу өтті

Жаңақала аудандық мәдени демалыс орталығында мемлекеттік қолдау бағдарламаларын түсіндіру бойынша ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелеріне арналған тауар өндірушілермен кездесу өтті.

image-03-04-26-10-32-1

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмухамбетовтің төрағалығымен өткен жиынға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, салалық басқарма басшылары, қаржы институттарының өкілдері мен жергілікті шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты.

image-03-04-26-10-32-3

Ауыл шаруашылығының стратегиялық мәніне басымдық берген Қалияр Шадиярұлы Мемлекет басшысының тапсырмалары аясындағы жүйелі жұмыстарды саралады. Сонымен қатар, сала мамандары мемлекеттік қолдау шаралары, ветеринария қызметі, жер қатынастары, агронесиелеу және қаржылай қолдау тетіктері жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Басқосу барысында өңірдегі ауыл шаруашылығының бүгінгі жай-күйі сараланып, атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарланған жобалар талқыланды. Және жергілікті шаруалар тарапынан аудандағы түйткілді мәселелер ашық көтерілді. Атап айтқанда, ауыл еңбеккерлері киік өлекселерін жинау жұмыстарын жүйелеу, резерват шекарасын 10 шақырымға әрі қарай шегіндіру және Қызылжар елді мекеніне су сақтайтын қойма салу қажеттігін алға тартты. Сонымен қатар мал ұрлығының алдын алу мақсатында тас жолдардағы жабық фураларды тексеруді күшейту, жайылым жер тапшылығын шешу және қожалық иеліктерін қоршау мәселелері талқыланды.
Шаруалар мемлекеттік бағдарламалар аясында шөп егу жұмыстарын жандандыру бойынша ұсыныстарын жеткізді. Бұған қоса, аудандық мәслихат депутаты Азамат Бақиев Жалтыркөлден басқа қорықтарды Көпжасар ауылдық округінің аумағына ауыстырудың маңыздылығына тоқталды.

image-03-04-26-10-32-2
Шаруалар тарапынан көтерілген мәселелер назардан тыс қалмай, нақты жауаптар беріліп, ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды. Көтерілген әрбір мәселе бойынша облыс және аудан басшылығы тиісті сала мамандарына зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

image-03-04-26-10-32-4
Жиын қорытындыланған соң, облыс әкімінің орынбасары тиісті басқарма басшыларымен бірлесіп, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Райхан Хамзина

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале