Жаңақалада «Аманат жайық» қоғамдық бірлестігінің теолог маманы Алтынбек Болатовтың ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында табан тартыс пен үстел теннисінен жарыс өтті.
Табан тартыс сайысында 65-80+ келі салмақ дәрежесінде онға жуық қатысушы бақ сынасып, нәтижесінде 65 келі салмақта Ерхан Нәсіпқалиев пен 80 келіге дейінгі тайталаста Қолқанат Серіков және 80 келіден жоғары қатысушылар арасында Жасқанат Сыралиев бірінші орынға ие болды.
Сонымен қатар үстел теннисіне жиырмаға жуық ерлер қауымы қатысып, Арай Зиннуллаев үшінші орынға табан тіресе, Мейірбек Самиғали екінші орынды қанжығасына байлады.
Ал Абай Исмурзин бірінші орынның биігінен көрінді. Ұлттық спорттың соңында жеңімпаздарға аталмыш бірлестік атынан сыйлықтар табыс етілді.
Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы