6.02.2026, 9:00
Оқылды: 12

Жаңақалада өткен брифингте сот төрағасының есебі тыңдалды

Жаңақала аудандық сотта 2025 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті. Жиынды аудандық соттың төрағасы Меңдіғали Бақтығұлов ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелермен таныстырды.

image-05-02-26-05-13

Меңдіғали Жүсіпбергенұлының берген есебінде өткен жылы аудандық сотқа барлығы 381 арыз түскен, 2024 жылмен салыстырғанда 147 талап арызға көбейген. 2025 жылдың 12 айында 335 азаматтық іс қаралып аяқталған, 2024 жылмен салыстырсақ, 136 іске артқан. Аяқталған істер бойынша 163 шешім шығарылса 2024 жылы бұл көрсеткіш 109 істі құраған, яғни 53 шешімге көбейген, оның ішінде оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен 155 іс қаралып, 60 млн 57 мың теңге қарыз сомасы өндірілген. 2024 жылмен салыстырғанда оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған іс 98 іске артқан. Өткен жылы 19 тұлғаға қатысты 19 қылмыстық іс түскен, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 10 қылмыстық іске азайған. 2024 жылдың 12 айында 29 іс 39 тұлғаға қатысты аяқталған. 2025 жылдың 12 айында 4 тұлғаға қатысты бас бостандығынан айыру жазасы, 2 тұлғаға қатысты бас бостандығын шектеу, 1 тұлғаға айыппұл жазасы, ал 1 тұлғаға қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалған. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 281 іс түсіп, оның 274-і қаралған. Оның ішінде әкімшілік жаза қолданумен 255, қысқартылғаны 19, 12 іс қалдық болып қалған.
Сондай-ақ Меңдіғали Жүсіпбергенұлы өз сөзінде күні бүгінде интернет алаяқтықтың, мас күйінде көлік тізгіндейтіндердің және негізсіз баю сомасын өндіруге қатысты талап саны артқанын атап өтті. 2024 жылғы көрсеткішке қарағанда былтырғы жылы неке бұзуға қатысты істер көрсеткіші сәл төмендеді, алайда қазіргі уақытта тек жастар емес, отау құрғандарына жиырма, отыз жыл болған отбасылардың да кездесетініне қынжылысын білдірді. Сонымен қатар қазіргі таңда өршіп тұрған интернет алаяқтыққа студенттер мен орта жастан жоғары тұрғындардың тап болатындығын тілге тиек етіп, олардың құрбаны болмауға шақырды.

Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале